Ойынды UMAI Gaming — Қазақстандық тәуелсіз қыздар командасы, GameLab KBTU-дің менторлығымен жасайды.
Қолмен салынған пиксельді анимация, фольклорлық стиль, жанды дыбыс пен терең сюжет Iz ойынын шынайы, жеке тәжірибеге айналдырады — бұл ізденіс, қорқыныш және махаббат жайлы хикая.
Бұл жерде қылыш жоқ — тек ежелгі аспап қана бар. Оның көмегімен сіз рухтарды тыныштандырып, жоғалған балалардың жұмбағын шешесіз.
Iz — түркі мифологиясынан шабыт алған, атмосфераға толы 2D пиксельді RPG элементтері бар оқиғалы ойын. Сізді ежелгі аңыздар мен мифтер тіріліп, музыка қаруға айналатын дала әлемі күтіп тұр.
Ойын туралы
Қолдау көрсетіңіз!
Біз — Қазақстаннан шыққан тәуелсіз студиямыз. Iz ойынын бос уақыттарымызда, бюджетсіз, бірақ мәдениетке, мифтерге және ойындарға деген шексіз сүйіспеншілікпен жасап жатырмыз. Егер жоба жүрегіңізге жақын болса — қолдаудың екі жолы бар:
Boosty-де қолдау көрсетіңіз — арттар мен сахна сыртындағы дүниелерге қол жеткізіп, ойынның дамуына үлес қосыңыз.
Iz-ді вишлистке қосыңыз — бұл алгоритмдерге әсер етеді және релизге бір қадам жақындатады.
Сізді түркі рухы мен аңыздарына толы тылсым әлем күтеді.
Баян — сіңлісінің артынан белгісіз жаратылыстың ізімен ауылдан алыс сапарға аттанады.
Әзірлеуші
Біз — UMAI Gaming, Қазақстаннан шыққан тәуелсіз қыздар командасымыз. Біз түркі ертегілері, аңыздары мен мәдениетінен шабыт алып, ойындар жасаймыз. Iz — біздің алғашқы ойынымыз. Бірақ бұл жобаға бәрі салынды: махаббат, естелік, музыка және бала кезден таныс үрей.
Гейм дизайнері
Суретші
Нарратив дизайнері
Команда
Назым
Алия
Алина
Аида
Біз — KBTU жанындағы GameLab ойын жасау зертханасының менторлық бағдарламасының резидентіміз.
Ойынның бүкіл музыкалық сүйемелдеуін ARKAIYM музыкалық тобы жазды.
Біздің жоба шығармашылық жобалар байқауында грант жеңіп алды.